Жарқын өмірдің бастамасы болып саналатын Ұлыстың ұлы күні қарсаңында, сонымен қатар 18-наурыз ұлттық киім күніне орай «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының бастамасымен ұйымдастырылған ауқымды мерекелік іс-шара облыстық «Жастар сарайында» өткізілді. Шараның негізгі мақсаты ұмыт болған салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту, келешек ұрпақтарымызға дәріптеу болып табылады.
Мерекелік шараға Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының басшысы Қ.Б. Атамұратов, Қостанай облыстық мәслихат депутаты Қ.С. Жанбыршина, жазушылар одағының мүшесі А.Қ.Шаяхмет, «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы К.О.Аманова және басқа да тіл жанашырлары, зиялы қауымдар қатысты.
Шара барысында «Қамшы ілу», «Деңгене», «Біз шаншу», «Ерулік беру» дәстүрлері көрсетілді.
Іс – шара соңында ақын, көсемсөзші А.Қ.Шаяхмет жиналған көпшілікке бата беріп, қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының басшылары Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының алғыс хатымен марапатталды.


