2024 жылдың жаңа оқу жылында курс тыңдаушыларының саны артуда

2024 жылдың 14 ақпанында облыстық тілдерді оқыту орталығында оқу жылының басталуына байланысты Республикалық «АSTANA» телеарнасының «Сараптама» бағдарламасы мен жергілікті «АЛАУ» телеарна тілшілері түсірілім жасады. Түсірілім барысында орталық оқытушыларының оқу әдістемелік жұмыстарымен танысып, В1 орта деңгейінің тыңдаушыларынан мемлекеттік тілді үйренудің тиімділігі, қажеттілігі жайында сұқбат алды.