Сертификат Табыстау Рәсімі

Бүгін А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ «SMART» орталығында мемлекеттік және ағылшын тілінің оқыту курсын аяқтаған «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының тыңдаушыларына салтанатты түрдесертификат тапсыру рәсімі өтті.

Іс – шара төңірегінде орталық оқытушылары әзірлеген «Тіл білгеннің ұтары мол» атты оқу-әдістемелік құралдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы Ж.Б.Науразбаев өзінің құттықтау сөзіндеТіл – халықтың басты құндылықтарының бірегейі. Оны құрметтеу – қоғамға ортақ міндет. Тіл – қайұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті екенін атап өтіп, тыңдаушыларғ асертификат табыстады.

Аталған іс – шара орталықтыңдаушыларының қатысуымен шағын концерт пен аяқталды.