Республикалық дөңгелек үстел

2023 жылдың 3 қарашасында «Qazaq tili» Халықаралық академиясы мен Мемлекеттік тілді дамыту институты бірлесіп «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді оқытудың жүйесі (деңгейлері мен сатылары) жобасы аясында «Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін оқыту: тәжірибе мен өзекті мәселелер» атты республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өткізді. Шараға онлайн түрде Zoom платформасы арқылы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы мен әдіскерлері қатысып, тәжірибе алмасты.