2023 жылдың 25 тамызында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Қазақстан халқы тілдері күніне орай Петропавл қаласында «Ана тілін оқыту бағыттары» тақырыбында Ресей федерациясының Түмен, Омбы облыстарындағы қазақ тілі мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг өтті. Аталған семинарда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері А.Ж. Ташмағамбетова «Қостанай облысында ересектерді қазақ тіліне оқыту барысы» жайында баяндама оқыды. Орталық оқытушы С.Т.Нұржанова А2 базалық деңгейге арналған «Адам келбеті» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетіп, тәжірибе алмасты. Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.
«Ана тілін оқыту бағыттары» семинар -тренинг
