«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауы
Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 22 тамызында Қоғамдық келісім үйінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны дамыту мақсатында мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мамандар арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты облыстық байқауын өткізді. Байқауға 12 командадан тұратын 40 мемлекеттік қызметші қатысты.
Байқауда қатысушылар төрт кезеңнен өтті: бірінші кезең «Тұсаукесер»; екінші кезең – капитандар сайысы; үшінші кезең «Конституцияны білесіз бе?» төртінші кезең – шығармашылық сайыс.
Байқау қорытындысы бойынша Қамысты ауданынан «Руханият» командасы «Заң білгірлері» номинациясымен, Амангелді ауданынан «Алаш елі» командасы «Өлкетанушылар тобы» номинациясымен, Науырзым ауданынан «Қасиетті мекен» командасы «Шығармашыл топ» номинациясымен марапатталды. Жүлделі І орынды Арқалық қаласынан келген «Аманат» командасы, ІІ орынды Ұзынкөл ауданынан «Сұңқар»командасы ие болды және ІІІ орынды Сарыкөл ауданынан «Сұңқар-2» командасы иеленді. Командалар лайықты марапаттарға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!