Іс -шараның екінші күні әріптестеріміз Қостанай қаласының тарихи көрнекті жерлеріне экскурсия жасады. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық мемориалдық музейіне және Ыбырай Алтынсаринның мемориалдық кесенесіне барып, Ұлы Ұстаздың рухына тағзым етті. Іс-шараның соңы табиғаттағы “Ғажайып әлем” тренингімен аяқталды.