2023 жылғы 22-23 маусым аралығында «Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Тілге құрмет – елге құрмет» атты аймақтық ашық есік күні өтті. Аталмыш іс-шараның модераторы Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Г.Е.Мендекинова болды. Бүгінгі іс-шараға ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш.Шаяметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО Әдістеме басқармасының аға ғылыми қызметкері А.Ә.Орманова «Қарағанды» облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы»ММ Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Ж.Р.Жақан қонақ ретінде шықырылса, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тілдерді оқыту орталығының әдіскері А.Е.Жандосова онлайн ZOOM платформасы арқылы байланысқа шықты. Сонымен қатар «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ мамандары, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің аға оқытушысы Ш.И.Тулегенова, Қостанай қаласындағы физика-математика бағытындағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебінің мұғалімі С.Қ.Қабденова «Тобыл» қаласының мектеп-гимназиясы» КММ бастауыш сынып мұғалімі Е.А.Гедзур, «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Заңғар Санай, білім басқармасының мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты. Аймақтық ашық есік күнінің мақсаты: республика бойынша тілдерді оқыту орталығының атқарып жатқан жұмыстарымен таныстыру болып табылады. Іс-шараның 1- ші күні «Шебердің қолы ортақ» атты көрмесімен ашылды.
Іс-шараның 2-ші бөлімі қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары сабақтар көрсетіп, пікір алмасты. Жалпы ашық есік күніне 50 шақты адам қатысты.