Қазақша-орысша ілеспе аударма семинары

2023 жылдың 22-24 мамыры аралығында «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ ұйымдастыруымен қазақша-орысша ілеспе аударма жасау дағдыларын меңгертуге арналған семинар өтті. Семинарды ілеспе аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты «Үздік аудармашы» республикалық конкурсының бас жүлдегері Әлпейісова Камал Әбілқасымқызы өткізді. Семинарға мемлекеттік органдардың мамандары, аударма агенттік өкілдері, сонымен қатар  «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы С.Т.Нұржанова қатысты. Үш күндік семинарда қатысушылар  аударманың әдеп нормалары, сөйлеу мәнерімен танысты, тіл байлықтарын жетілдірді, аударма жасау дағдыларын меңгерді. Семинар соңында сертификаттар табысталды.