«Үздік тыңдаушы – 2023» атты Мағжан оқулары

2023 жылы 17 мамырда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында Мағжан Жұмабаевтың 130-жылдығына орай өзге ұлт тыңдаушылар арасында «Үздік тыңдаушы – 2023» атты Мағжан оқулары сайысы өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: «Бәйге», «Дарындылар додасы», «Кім жылдам?», «Өз ойым…». Қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы өз білімдерін жан-жақты көрсете отырып, әр тақырыпта жазылған өлеңдерін жатқа айтып, мемлекеттік тілде сөйлеу мәнері мен шеберліктерін танытты. Сайыс тартымды, әрі қызықты болды. Әділ қазылар алқасы жинаған ұпай бойынша, жеңімпаздарды анықтап, арнайы дипломдар мен сыйлықтар, алғысхаттар тапсырды.