Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді талқылау

2017 жылдың  10-11 шілдеде  қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді талқылау бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері  Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы К.Бимағанбетов, «Тілдарын»  облыстық тілдерді  оқыту орталығының директоры Г.Талапова және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы А.Бажирова Сарыкөл ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.

 Түсіндіру жұмысы барысында  облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері  аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы  мүшелерімен кездесіп, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру идеясын ілгерілету бойынша  жұмыстың негізгі тетіктері мен әдістері талқылады.

Тұрғындармен, мәдениет саласы, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдерімен 3 кездесу өтті. Қатысушыларды Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында  көтерілген негізгі қағидаларымен таныстырды.  

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының  мүшелері алдағы тұрған қазақ тілінің реформасының мақсаты туралы айтып кетті. Жиналғандардың алдыңда К. Бимағанбетов пен Г. Талапова баяндама жасады. Өткізілген кездесулер барысында  қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.  Жалпы алғанда   қазақ тілін латын қарпіне көшіру идеясы қоғам арасында қолдау табуда.