“Тіл-татулық тірегі” атты республикалық дөңгелек үстел

2023 жылдың 31 наурызында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Тараз қаласында “Тіл-татулық тірегі” атты республикалық дөңгелек үстел өтті. Аталмыш дөңгелек үстелдің модераторы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Ерденбекұлы Тілешов болды. Республикалық іс-шараға “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Т.Ә.Айтмағамбетова қатысты.