QR-код арқылы тілашарлар

2023 жылдың 21 ақпанында “Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы мен Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының өзара ынтымақтастық меморандум шеңберінде орталық мамандары Қостанай қаласының №3 емхананың тіркеу, дәрігерге жазылу бөлімдеріне сала бойынша QR-код арқылы тілашарлар орнатып, емхана қызметкерлеріне және келушілерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.