«ТілLife» жобасы

2023 жылдың 7 ақпанында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы Д.С.Жандаевпен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы Т.А.Айтмағамбетова арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ынтымақтастық шеңберінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған медицина саласы бойынша «ТілLife» бірлескен жобасын іске асыру, медицина қызметкерлеріне арналған сала бойынша QR-код тілашар дайындап, ақпараттандыру және әр түрлі іс-шараларды  өткізу.