«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дөңгелек үстел.

2023 жылғы 27 қаңтарда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты интербелсенді форматында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – орыстілді азаматтар арасында қазақ тілін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын насихаттау. Қазақстанда тұратын этнос өкілдерінің бірлігі мен ынтымақтастығы, жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі, еліміздің ғылым-білім саласындағы жетістіктері жайында сөз қозғау, пікір алмасу.Іс-шараға «Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Г.Е.Мендекинова, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы, филология ғылымдарының кандидаты,  қауымдастырылған профессор Шаяхмет Ақылбек Қожаұлы, БАҚ-ның өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ практикалық лингвистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Г.Қ.Жүрсіналина, «Қазақ тіл» қоғамы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Заңғар Санай, «Қостанай ауданы білім бөлімі Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы» мұғалімі Е.А.Гедзур, «Дуслык»татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Р.В.Бектемиров баяндамалары оқылып, ұсыныстары айтылды.

Іс-шара соңында қазақ тілінің мәртебесіне қатысты сындарлы ойларын қолдай отырып, бүгінгі баяндамашылар мен қатысушылардың ұсыныстарына сәйкес бір ауыздан қарар қабылданды.