2022 жылғы 17 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің хатына сәйкес тілдік дискриминацияға жол бермеу және азаматтарға мемлекеттік тілде қызмет көрсету мақсатында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы КММ « Нотариаттық іс-әрекет жасаудағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясы» атты облыстық семинар өткізді.
Аталмыш семинарға Әділет департаментінің сот орындаушысы Нұрғали Кенбисов,Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқанов Мырзахан Әділханұлы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Қазақ тілі» қоғамы, жекеменшік нотариустар қатысты. Семинарды «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Т. Айтмағамбетова жүргізді.
Сонымен қатар «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандар жөніндегі инспекторы Абай Шарипов «Нотариат саласындағы мемлекеттік тіл» және «Қазақ тілі» қоғамы төрағасының орынбасары Аслан Қанғожин «Көрнекі ақпарат туралы заңның орындалуы» атты баяндама оқыды.
Іс-шара соңында өзара пікір алмасу болып, көрнекі ақпараттарды орналастыру жадынамасы таратылды.