Ашық есік күні

2022 жылы 14 қазанда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары 25 қазан – Республика күні қарсаңында «Кел, қазақша сөйлесейік» тақырыбында ашық есік күнін өткізді.

Аталған іс-шараға қатысушылар алты кезең бойынша тапсырмаларды орындап, тілді меңгерудің түрлі әдіс-тәсілдерімен танысты.
Орталық оқытушылары тыңдаушылармен «Жүзден жүйрік», мақал-мәтел жарысы, «Ән, шырқайық» қазақша караоке, «Теңге алу» ұлттық ойыны, «Ана тілім – дана тілім», «Еnglish is easy» интерактивті ойындарын өткізіп, тіл үйретудің ең тиімді тәсілдерімен бөлісті.

Іс-шараға тыңдаушылар өте белсенді қатысып, қызықты форматта өтті. Келушілерге тілашар буклеттер таратылды.