«Үздік оқытушы-2022» облыстық байқауы өтті

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2022» облыстық байқауы өз мәресіне жетті. 2022 жылғы 26 тамызда Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақ тілінің оқытушылары арасында «Үздік оқытушы-2022» облыстық байқауы өтті.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2022» облыстық байқауын Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысы Қалмақов Ерлан Болатұлына құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға облыстың әр аудан, қаласынан келген 21-50 жас аралығындағы барлығы 13 оқытушы қатысып, бақ сынасты.

Байқаудың мақсаты: қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылардың  кәсіби шеберлігін анықтау, қоғамдағы беделін арттыру, өзара тәжірибе алмасу болып табылады.

Байқаудың әділқазылары ретінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі Жусупова Ғалия Сапарбекқызы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы, филология магистрі Тулегенова Шынар Исланбекқызы, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Досова Алма Төлегенқызы қатысып, байқаудың үш кезеңі бойынша әділ бағаларын берді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2022» облыстық байқауының үш кезеңінің қорытындысы  бойынша «Жаңашыл оқытушы» номинациясына Сатбаева Анара Тулегеновна  – Федоров ауданы, «Ізденімпаз оқытушы» номинациясына  Альтанова Дана Жақсылыққызы  – Рудный қаласы, жүлделі ІІІ орынды  Нугыманов Жанкелди Ибрашович – Арқалық қаласы, жүлделі ІІ орынды Сергазина Дина Газизовна – Қостанай ауданы, байқауында жүлделі І орынды Қостанай қаласынан Крикпенова Гульмира Талгатовна иеленсе,  БАС ЖҮЛДЕНІ Қарабалық ауданынан қатысқан Ерлан Жангельдинович Абилов иеленіп, келесі жылы өтетін республикалық байқауға жолдама алды.  Барлық жеңімпаздар арнайы дипломмен, алғысхатпен марапатталды.