«Мемлекеттік тіл саясатының іске асырылуы» атты семинар өтті

2022 жылғы 9 маусымда Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Атамекен» Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлері үшін «Мемлекеттік тіл саясатының іске асырылуы» атты семинар өтті.

Іс-шара барысында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Қ.Ербатырова баяндама жасап, орталықта кәсіпкерлерге арналған қысқа мерзімді оқыту курстарының ұйымдастырылуы жайында толық ақпарат берді.

Семинар соңында өзара пікір алмасу болды.