2022 жылдың 29 сәуірінде «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Қырық мысал» атты аударма жинағы негізінде тыңдаушылар арасында «Ахмет оқулары» сайысы өтті. Сайысқа әр түрлі мекемелерден 8 тыңдаушы қатысты.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең: «Бәйге» (Ұяшықтар таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру)
Екінші кезең: «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» (А. Байтұрсынұлының шығармасын жатқа мәнерлеп айту)
Үшінші кезең: «Ойлан, тап» (Суретпен берілген мақалды табу)
Төртінші кезең: «Ұшқыр ой мен шешен тіл» (Берілген уақыт ішінде А. Байтұрсынұлы туралы эссе жазу)
Сайыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынды Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қызметкері Қадырбаев Нұрболат Қуандықұлы, 2-ші орынды Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының қызметкері Сарлыбаева Әсем Әуезханқызы, 3- ші орынды Қостанай қаласы №25 негізгі мектебінің мұғалімі Күлпейсова Айна Жамбылқызы жеңіп алды.
Все участники были награждены дипломами и благодарственными письмами.