«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілінің негізін қалаушы» тақырыбында семинар өтті

2022 жылғы 25 наурызда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығында “Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тілінің негізін қалаушы” тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында ұлт ұстазының өмірі, еңбектері, шығармашылығы туралы Жүрсіналина Гүлжанат Құрмашқызы – А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің Тілдерді даярлау орталығының меңгерушісі, ф.ғ.к., “Ахмет Байтұрсынұлы сан қырлы саңлақ дарын иесі”, Миркемелова Айнұр Білісбайқызы “Тілдарын” орталығының оқытушысы “Ахмет Байтұрсынұлы және терминология саласы”, Нұрбекова Айнұр Жомартқызы “Тілдарын” орталығының әдіскері “Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жазуының реформаторы” тақырыбында кеңінен баяндады.

Аталған іс-шараға облыстық, аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскер-оқытушылары, ЖОО мен колледждердің тіл мамандары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.