«Мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2021 жылғы 9 қарашада Қостанай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әлеуметтік тапсырысы негізінде «Саналы ұрпақ 2050» ҚБ ұймдастыруымен «Мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Г.М. Талапова, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ филология факультетінің аға оқытушысы М.Д. Жұмашев қатысып, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен қолданыс аясы туралы баяндама жасады.