«Қазақстандық қоғамның құндылықтары жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі туралы» секциялық жұмыс өтті

2021 жылғы 12 қарашада Қостанай  облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында ҚХА-ның және Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» атты республикалық лекторий аясында «Қазақстандық қоғамның құндылықтары жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі туралы» секциялық жұмысы өтті.

 

Аталған іс-шараға «Ахыска» түрік мәдени орталығы»  ҚБ басшысы А.А.Пириев кіріспе сөз сөйлеп, қазіргі қоғамдағы мемлекеттік тілдің рөлі туралы баяндап берді.

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Қ.Ербатырова «Тілдерді оқытуды ұйымдастыру бүгінгі күннің сұранысы» тақырыбында баяндама жасады.

М.Горький атындағы гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Д.С.Ромащенко тіл үйренудегі тәжірибесімен бөлісті.

«Қоғамдық келісім» КММ әдіскері А.К.Бекманова «Мәміле» ситуативтік қазақ тілі туралы ақпарат берді.

Қазақ тілін еркін форматта үйрететін «СөйлеTime» клубының жұмысы туралы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Г.М.Талапова баяндап берді.