2021 жылдың 8 қазанында «СөйлеTime» клубының ІІ-маусымы басталды. Кезекті кездесу «Тілдарын» орталығында өтті.
Қатысушылар топқа бөлініп, берген тапсырмаларды орындады. Сабақ арасында қатысушылар сергіту сәті ретінде «Құстар қайтып барады» әнін орындады. Сабақ тақырыбы бойынша «Күз» мезгіліне постер жасап, қорғады. Сабақты бекіту барысында «Табыс ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жасалды.
Спикер, орталық оқытушысы – Ахметжанова Базаркүл Талғатқызы.