Қысқа мерзімді курс жалғасуда

2021 жылғы 14 қазанда қаладағы ірі сауда орындарында халыққа қызмет көрсету барысында, кәсіпкерлік және бизнес саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын және әлеуметтік беделін арттыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы  офлайн форматта қазақ тілін тегін қысқа мерзімді оқыту курсын бастады.

Аталған курсқа “TSUM CENTER COMMERCE” ЖШС-нің “МАРТ”, “ЦУМ” ірі сауда орталықтарының бизнесмендері, кәсіпкерлері, сатушылары барлығы 31 адам тіл үйренуге тілек білдіріп жазылды.

Курс бағдарламасында тыңдаушылар үшін қарастырылған:

  • базалық және іскерлік қазақ тілі!
  • айтылым, оқылым, сауатты жазу!
  • қазақ тілін еркін форматта үйрету!
  • тілдік кедергіні жеңуге көмек көрсету!
  • әр тыңдаушыға жеке дара көңіл бөлу!
  • тілдік орта қалыптастыру!