2021 жылғы 28 шілдеде облыс әкімінің орынбасары Б.Есімованың төрағалығымен қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, тілдерді оқыту орталықтарының басшыларының қатысуымен БКБ режимінде селекторлық кеңес өтті.
Іс-шара барысында тіл саясаты саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кеңесте Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Мендекинова өңірде тіл саясаты бағдарламасының іске асуы жөнінде баяндама жасады.
Аталған кеңес отырысына “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Ербатырова қатысты.
Кеңес қорытындысы бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктеріне тілдерді дамыту жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.