«Мемлекеттік тілді үйретудегі заманауи әдістемелік өнімдер» тақырыбында республикалық онлайн семинар өтті

2021 жылғы 9 шілдеде ҚР БҒМ Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен облыстардағы тілдерді оқыту орталықтарының әдістемелік өнімдерін насихаттау мақсатында “МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҮЙРЕТУДЕГІ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨНІМДЕР” тақырыбында республикалық онлайн семинар өтті.

Семинарда Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының мамандары өздерінің тіл үйретудегі әдістемелік өнімдерімен бөлісті. “Тілдарын”  орталығының әдіскер және оқытушылары аталған семинарға қатысып, өзара тәжірибе алмасты.