2021 жылғы 16 маусымда Меңдіқара аудандық тілдерді оқыту орталығының базасында “СөйлеTime” клубы ашылды.
Аталған іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Е. Мендекинова, бөлім басшысы Б.З. Сүлейменова, “Тілдарын” орталығының басшысы Ж.Қ. Ербатырова, Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары М.Б. Сандыбеков, Меңдіқара ауданының тіл жанашырлары, өзге ұлт өкілдері және Сарыкөл, Қарабалық, Қамысты, Ұзынкөл аудандық тілдерді оқыту орталықтарының директорлары қатысып, өзара тәжірибе алмасты.