Алқа отырысы өтті

2021 жылғы 12 наурызда Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының алқа отырысы өтті. Алқа отырысын басқарма басшысы Г. Е. Мендекинова кіріспе сөзбен ашып, 2020 жылы өңірдегі тіл саласында атқарылған іс-шараларға шолу жасады.

Басқарманың алқа отырысы барысында «Өңірлердегі тілдерді оқыту орталықтарында қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру және аймақаралық ынтымақтастық туралы» тақырыбында «Тілдарын» орталығының басшысы Ж. Қ. Ербатырова баяндама жасады.

Отырыс соңында өзара пікір алмасу болып, 2021 жылы жүзеге асырылатын іс-шаралар айқындалды.