«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» атты танымдық сайыс өтті

2020 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» атты танымдық сайыс өтті.

Аталған іс-шара викторина түрінде өтіп, қатысушылар «салт-дәстүрлер», «бұл не?», «ұлттық ойындар», «желтоқсан қаһармандары», «ескерткіштер», «әуен» деген ұяшықтарға жасырылған танымдық сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін ортаға салды.

Сайыс сабақты орталық әдіскерлері Нұрбекова Айнұр Жомартқызы, Ташмағанбетова Алтын Жәлелқызы жүргізді.