«Жастар – мемлекеттік тілдің тірегі» атты өңірдегі белсенді жастармен кездесуі Online форматта өтті

2020 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г. Е. Мендекинованың «ЖАСТАР – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ТІРЕГІ» атты өңірдегі белсенді жастармен кездесуі Online форматта өтті. Аталған іс-шара барысында әр салада қызмет атқарып жүрген жастарымыз өз ойларымен бөлісті.

Қостанай облысының полиция департаментінің инженері Кира Гартман өзінің мемлекеттік тілді қалай жетік меңгергені туралы баяндаса, Рудный қаласының Б. Майлин атындағы метеп-гимназиясының мұғалімі Сүлеймен Кеулхосов тілдерді үйретуді мектеп қабырғасында кеңінен насихаттау туралы айтып берді. Қостанай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы Дінмұхаммед Ахметбек еліміздегі тіл саясатына қатысты өз пікірін білдірсе, Лисаков қаласы «Акцент» телерадиокомпаниясының тілшісі Жанар Қашқынбаева мемлекеттік тілді БАҚ арқылы көпшілікке насихаттау туралы айтты. Арқалық қаласы Н. Құлжанов атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенті Любовь Васецкая өз ой-пікірін қазақ  тілінде еркін жеткізіп, жастарға үлгі көрсетті. Сарыкөл аудандық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, жас маман Болат Нәби жаңа әліпбиді көпшілікке түсіндіру жұмыстары туралы кеңінен баяндап берді.

Кездесу соңында басқарма басшысы Мендекинова Гүлжан Ермашқызы бірқатар белсенді жастарға алғысхаттар табыстады.