1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған зияткерлік сабақ өтті

2020 жылғы 30 қарашада Қостанай облысы әкімдігі тілдерді оқыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Дарабоз» атты зияткерлік сабағын өткізді.

Танымдық сабаққа аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының басшылары қатысып, сабақтың 4 кезеңі бойынша өзара білім сайысына түсті.

Зияткерлік сабақты орталық оқытушысы Крикпенова Гүлмира Талғатқызы жүргізді. Сабақ өте мазмұнды, тартысты өтті.