«Қазақ әліпбиінің жаңа емле ережелерін оқыту» тақырыбы бойынша екі күндік қалалық семинар-тренинг өтті

2020 жылдың 6-7 қазан күндері «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастыруымен «Қазақ әліпбиінің жаңа емле ережелерін оқыту» тақырыбы бойынша Zoom платформасы арқылы екі күндік қалалық семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараның мақсаты мен міндеттері:

  • жаңа әліпби негізінде қазақ тілі орфографиясы ережелерін түсіндіру;
  • жаңа әліпби бойынша практикалық жұмыстар; «qazlatyn.kz» конвертер бағдарламасымен жұмыс жасау;
  • қазақ тілінің бәсекеге қабілеттілігін және мәртебесін арттыру.

Семинар-тренингте «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Миркемелова дәріс оқып, орталық әдіскері А.Нұрбекова практикалық тапсырмалармен машықтандырды.

Аталған іс-шара қатысушылары: қала мекемелері мен кәсіпорындары мамандары (аудармашылар, мем.тілді оқыту курстарының оқытушылары), Қостанай қаласының мектептері мен мектепке дейінгі білім мекемелерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері.

Екі күндік семинар-тренингке барлығы 60-тан астам тыңдаушы қатысты.