Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай онлайн шеберлік сабақ өтті

2020 жылғы 20 маусымда «Тілдарын» орталығында Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «асыл сөзді іздесең, абайды оқы, таңырқа!» атты шеберлік сабақ онлайн түрде Zoom платформасында өтті.

Ашық сабақты оқытушы А.Миркемелова жүргізді.

Аталған сабаққа Қостанай облысының барлық аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының мамандары мен тыңдаушылары,  сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысынан және Түркістан облысының Сайрам ауданынан да әріптестеріміз  өте белсенді қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Жалпы Zoom арқылы 38 адам қатысты.