«Шеттілдік сөздердің орфографиялануы және орфоэпиясы» тақырыбында онлайн вебинар өтті

2020 жылғы 10 маусымда Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Шеттілдік сөздердің орфографиялануы және орфоэпиясы» тақырыбында онлайн вебинар өтті.

Онлайн дәрісті А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры, ф.ғ.к., А.Фазылжан оқыды. Аталған дәрісті Zoom платформасында 63 маман тыңдады.

Алдағы уақытта да жаңа әліпбиді көпшілікке насихаттауға арналған онлайн дәрістер өз жалғасын табатын болады.