Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы КММ «Қашықтан оқытудың жаңа технологиялары» тақырыбындағы онлайн курсты 2020 жылғы 12-13-15 мамырда жалғастырды.
12 мамырда орталық басшысының орынбасары Г.Талапова «Мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық технологияларын ұтымды пайдалану» тақырыбын қамтыды.
Курстың екінші күні Назарбаев Университеті, Қазақ тілі мен Түркология кафедрасының оқытушысы, п.ғ.магистрі К.Көпеш «Сөйлеу әрекетін бақылау және бағалауда қолданылатын Online бағдарламалар» тақырыбында дәріс сабағын ұсынды.
Онлайн курстың үшінші күні Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығы» КММ бөлім меңгерушісі, п.ғ.магистрі, «Сарыарқа» оқу құралының авторы, Қазтест жүйесінің сарапшысы Ж.Жақанова «Тілді оқытуда ҚАЗТЕСТ бөліктері бойынша тапсырма түрлерін тиімді қолдану жолдары» тақырыбында көп жылғы тәжірибесімен бөлісіп, өте мазмұнды дәріс оқыды. Онлайн курсқа Қызылорда, Нұр-Сұлтан қалаларынан да әріптестеріміз қатысып өз пікірлерін білдірді.