Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру тақырыбына арналған вебинар

2020 жылдың 16 сәуірінде Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті Филология департаментінің ұйымдастыруымен латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін жетілдіру тақырыбына арналған вебинар өткізілді.

Вебинарға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының жоспарлау, талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы К.Бимағанбетов «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Міркемелова қатысты.

Вебинар барысында тіл реформасы туралы және әліпбиді жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.