БЕЙНЕСАБАҚТАР түсіру пилоттық жобасы басталды

Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы және Қостанай облысының Полиция департаментімен бірлескен құқық қорғау органдарының салалық терминдерін меңгерту мақсатында БЕЙНЕСАБАҚТАР түсіру пилоттық жобасы басталды.

Жобаның мақсаты қазіргі еліміздегі ТЖ кезінде полиция департаментінің қызметкері үшін мемлекеттік тілді және ағылшын тілін қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру болып табылады. 1-ші сабақты “Тілдарын” орталығының оқытушылары  А.Доспанова мен  А.Кубеева жүргізді.