“Қашықтан оқытудың тиімді жолдары” атты әдістемелік отырыс

#BizBirgemiz акциясы аясында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен “Тілдарын” облыстық орталығы аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында “Қашықтан оқытудың тиімді жолдары” атты онлайн форматта әдістемелік отырыс өткізді.

Орталық басшысы Ж.Қ.Ербатырова қашықтан оқытудың тиімді жолдары туралы баяндап берді.

Аталған онлайн әдістемелік отырыс барысында Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Сүлейменова Бақытгүл Зарлыққызы орталық мамандарына еліміздегі ТЖ кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуы жөнінде нұсқаулық берді.

Сонымен бірге орталық оқытушылары А.Миркемелова мен Г.Крикпенова ZOOM бағдарламасы бойынша панорамалық сабақ үлгілерін көрсетті.