Өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

2020 жылғы 21 ақпанда «Халықаралық ана тілдері күніне» орай «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы мен Қостанай қалалық сотының арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Екі жақты келісімде қалалық сот мамандарына мемлекеттік тілді оқыту курсымен қатар латыннегізді қазақ тілін меңгерту, іс-шараларды бірлесе ұйымдастыру және заңгерлік кеңес беру мәселелері қарастырылған.