«Үздік тыңдаушы» атты байқау өтті

2020 жылдың 14 ақпаны күні «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік тілді оқыту курсынан өткен қызметкерлер арасында «Үздік тыңдаушы» атты байқау өтті.

Байқауды өткізудің мақсаттары: мемлекеттік тілді оқып, жетік меңгерген қызметкерлерді анықтау, қолдау, марапаттау; тілді меңгеру құзыреттілігін, жұмыс барысында қолдану деңгейін және өз ойын жеткізе білу дәрежесін анықтау; мемлекеттік тілді оқыту үдерісінде сабаққа белсенді қатысқандарды ынталандыру; мемлекеттік тілді қызмет көрсету барысында жетілдіру; мемлекеттік тіл саясатын мемлекеттік қызметте насихаттау, мәртебесін көтеру, қолдану аясын кеңейтукері байланыс орнату.

Байқауға мемлекеттік органдардан 9 қызметкер қатысты.

Байқау «Мен өз елімнің патриотымын» (өзін-өзі таныстыру), «Құжат айналымы» (кез келген іс қағаздарын мемлекеттік тілде рәсімдеу), Тест тапсырмаларын орындау (тыңдалым тапсырмалары – 3, лексика-грамматикалық тапсырмалар – 4, оқылым тапсырмалары – 3), «Дарындылар додасы» (ұпай саны көрсетілген ұяшықтардың біреуін таңдап, берілген тақырыптар бойынша сұраққа жауап беру) деп аталатын кезеңдерден тұрды.

Байқау нәтижесі бойынша бірінші орынға Қостанай облысы бойынша МКҚБ қызметкері Еркебұлан Хамзин, екінші орынға Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкері Маржан Сейдахметова, үшінші орынға Қостанай облысы ПД ЖАҚЖ қызметкері Талғат Нұрахметов пен ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанй академиясының қызметкері Ұланбек Сәрсенов ие болды және 5 тыңдаушыға алғыс хат табысталды.