«Мемлекеттік мекемелерде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру» тақырыбында семинар – тренинг өтті

2019 жылдың  6 желтоқсан күні «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – ұлтаралық қатынас тілі» өңірлік іс-шаралар кешені аясында «Мемлекеттік мекемелерде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру» атты семинар-тренингті орталық оқытушысы Ж. Жарасбаева өткізді.

Семинар-тренингке Федоров ауданының 25 мемлекеттік қызметші мен іс қағаздарын жүргізуші қатысып, ұсынылған практикалық тапсырмаларды орындады.

Іс-шараның соңында қатысушылар өздері орындаған тапсырмаларын QR-код арқылы тексеріп шықты.