«Қазіргі қазақ терминологиясы» атты дөңгелек үстел

Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2019 жылғы 22 қарашада Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Қазіргі қазақ терминологиясы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филолог ғалымдары мен студенттері, мемлекеттік қызметшілер мен «Тілдарын» орталығының тіл мамандары қатысты.

Терминдерді қолдануды біріздендіру, жаңа терминдердің табиғаты мен ерекшеліктерін, салалық терминдерді бекіту принциптерін талқылау, жалпы терминологиялық жұмыстарды жүйелендіру шараның басты мақсаты болды.

Шара барысында қазіргі қазақ терминологиясы саласының ғылыми-практикалық мәселелері, терминдерді жасау, бекіту, қолдану жөнінде баяндамалар жасалды. Орталық әдіскері А.Ж.Ташмағанбетова «Терминологияларға қойылатын негізгі тілдік нормативтік шарттары» тақырыбында баяндама оқыды. Қатысушылар өзара пікір алмасты.