«Қазақ тілін деңгейлеп оқытуды жетілдіру: заманауи әдістер мен ұсыныстар» тақырыбында онлайн семинар өтті

25 қыркүйекте ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақ тілін деңгейлеп оқытуды жетілдіру: заманауи әдістер мен ұсыныстар» атты тақырыпта республикалық онлайн семинар өткізді.

Аталған іс-шараға орталықтан Ж.Ербатырова, А.Ташмағанбетова, А.Нұрбекова, А.Доспанова, А.Миркемелова қатысып сертификат алды.