Жалпықазақстандық ашық диктант

10 қыркүйек күні «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 13 мамырдағы №271 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40-тармағына сәйкес «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында жалпы қазақстандық ашық диктант өткізілді.

Ашық диктанттың өткізілу мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығына сәйкес Республика азаматтарын жаңа қазақ әліпбиімен сауатты жазуға үйрету.

Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиін қолданып жазған ашық диктантқа мемлекеттік қызметкерлерден құралған барлығы 56 тыңдаушы қатысты. 157 сөзден тұратын ашық диктанттың тақырыбы жастар жылына арналған.

Диктант қорытындысы бойынша тыңдаушылар жақсы нәтиже көрсетті.