Рухани кездесу

2019 жылғы 12 тамыз күні «Тілдарын» орталығында ашылған латын әліпбиіне негізделген қазақ тілін оқыту кабинетінде Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасымен Қостанай өңіріне іссапармен келген қонақтарды Қазақстан Жазушылар одағының А.Байтұрсынов атындағы сыйлығының лауреаты, жазушы Серік Байхонов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Гүлімай Қуанышовамен Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Ермашқызы Мендекинова қарсы алып, рухани кездесу өткізді.

Басқарма басшысы Г.Мендекинова өңіріміздегі тіл саясатының насихатталуы, оның мәртебесі жайлы қонақтарға қысқаша баяндап берді.

Кездесу барысында қонақтар Қостанай өңіріне келу мақсаттарымен, еліміздің рухани және мәдени дамуындағы болып жатқан келелі әңгімелерімен ой бөлісті.

Сонымен қатар, қазақ тілінің латын қарпіне көшуінің тиімді түстары туралы да сөз қозғалды. Жалпы зиялы қауым өкілдерімен өткен әр кездесуден тамаша тағылым алуға болады.