Жаңа әліпбиді үйретуге арналған 24 сағаттық курс басталды

2019 жылдың  маусым айында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында латын графикасына негізделген жаңа әліпбиді үйретуге арналған қысқа мерзімді курс басталды.

Курс тыңдаушыларына жаңа емледегі ерекшеліктер, қазақ әліпбиінің фонологиялық негіздері, графикасы мен құрамы жайлы толыққанды ақпарат беріледі.

Курстың алғашқы қатысушылары –  қаладағы департамент, басқарма мамандары мен өтініш білдірген жеке тұлғалар.