«Салалық терминологияның жаңа кезеңдегі мәселелері мен міндеттері» тақырыбындағы республикалық әдістемелік семинар

2019  жылғы 30 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Салалық терминологияның жаңа кезеңдегі мәселелері мен міндеттері» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Ербатырова қатысып қайтты.

Семинарға қатысушылар замануи терминдердің қалыптасу процесін, оның ішінде салалық терминдерді біріздендіру және жүйелеу жолдарын талқылайды. Латыннегізді графикаға көшу барысында терминдерді қазақ тілі заңдылықтарына сәйкес қолдану мен таратудың принциптері зерделенді.