«The Great Victory Day» тақырыбында ашық сабақ өтті

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығында ағылшын тілінің оқытушысы Л. Ерденова “The Great Victory Day” тақырыбында ағылшын тілі курсының тыңдаушыларына арналған ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – өз халқының тарихы мен ерліктеріне деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін тәрбиелеу арқылы өзге тілді коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Сабақ өткізу үшін Ерденова Л. әскери-патриоттық жұмыстың жасына сәйкес формалары мен әдістерін таңдап алды. Сабақ барысында курс тыңдаушылары ағылшын тілінде, өздерінің туған-туыстары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, соғыс майданында адал шайқасқан және Отан үшін адал еңбек еткен жерлестері туралы айтып берді.

Сабақтың әр түрлі формалары, әдістері мен тәсілдері – диалогтар, рөлдік ойындар, ойын технологиялары, осы тақырып бойынша сөздік қорын байытуға және Ұлы Отан соғысы тақырыбына ағылшын тілінде өз пікірлерін айтуға мүмкіндік берді.