«Бірлік – береке бастауы» тақырыбында ашық сабақ өтті

2019 жылдың 30 сәуірінде «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Г.Крикпенова Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мемлекеттік тілді оқып жүрген Қостанай облысы Полиция департаменті және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменті  қызметкерлерімен  «Бірлік – береке бастауы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – тыңдаушыларды қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ сайыс түрінде өтті. Сайыс «Таныстыру. Құттықтау»,  «Өнерлі ұлт», «Ұлттық киім үлгісі», «Ас – адамның арқауы» деп аталатын кезеңдерден тұрды. Сайыс тапсырмалары үй тапсырмасы ретінде берілген. Сайысқа қатысушылар әр түрлі ұлт өкілдеріне бөлініп, кәріс, татар, әзірбайжан, украин халықтарының салт-дәстүрі, тұрмысы және киім үлгісімен таныстырды.

Тыңдаушылардың дайындығын әділқазылар алқасы бағалап, номинациялар бойынша марапаттады.